Клуб
«Абай Аренада» жаңа рекорды орнатылды
04:00,
25.06.2025
Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі финалдық серияның екінші матчында «Семей» мен «Қайрат» командаларының ойынында жаңа көрермен рекорды тіркелді — 4620 жанкүйер.
Бұған дейінгі рекорд та «Семей» командасына тиесілі еді — финалдың алғашқы матчында 4470 адам жиналған болатын.
Әрдайым жанымыздан табылып, сенім білдіріп, ерекше атмосфера сыйлайтын барша жанкүйерге алғысымыз шексіз. Сіздердің қолдауларыңыз — біздің басты шабыт!