Клуб
Арбат Фест Ақжол Дарибаймен бірге
12:06,
23.09.2024
Қазақстан ұлттық футзал құрамасының және «Семей» футзал клубының ойыншысы Ақжол Дарибай Семей қаласында өткен Арбат Фест мерекелік шарасына қатысты.
Фестиваль сахнасында ол live band сүйемелдеуімен ән орындап, көрермендерді шығармашылық талантымен және харизмасымен таңғалдырды. Алаңдағы атмосфера шын мәнінде мерекелік болды — Ақжолды қолдауға жүздеген жанкүйер келіп, оның өнерін ыстық ықыласпен, қошеметпен және ізгі тілектермен қарсы алды.
Сондай-ақ шара аясында «Семей» футзал клубы ойыншыларының қатысуымен автограф-сессия өтті. Жанкүйерлер сүйікті спортшыларымен сөйлесіп, естелікке суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.