Клуб
Аслан Смаков – қыркүйек айының үздік бапкері
04:00,
01.10.2025
«Futsal Kazakhstan» спорттық порталының нұсқасы бойынша «Семей» футзал клубының бас бапкері Аслан Смаков қыркүйек айының үздік жаттықтырушысы атанды.
Өткен айда семейлік клуб жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Смаковтың шәкірттері қыркүйекте төрт ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті. «Семей» өз алаңында «Каспийді» екі рет (6:2, 3:1) ұтса, айдың соңында алматылық «Қайратқа» қарсы екі ойында да сенімді басымдықпен (5:2, 10:4) жеңіске жетті.
Бұл нәтижелердің арқасында «Семей» турнир кестесінде көшбасшылар қатарына көтеріліп, маусымның басты фавориттерінің біріне айналды.