Клуб

Аслан Смаков: «Маусымды жеңіспен бастағанымыз ең бастысы»

12:49,

06.09.2025

Бөлісу

Футзал клубы «Семейдің» бас бапкері Аслан Смаков «Каспийге» қарсы өткен алғашқы турдан кейін ойын жайлы пікір білдірді:

«Ең бастысы – біз маусымды жеңіспен бастадық. Жігіттер бүгін жақсы ойнады. Бірінші таймға да, екінші таймға да тактикалық тапсырмалар қойылды. Бірінші таймда өте жақсы ойнап, жаттықтырушының нұсқауларын орындадық. Екінші таймда кейбір құрамдық өзгерістер жасадық. Өкінішке қарай, кейбір ойыншылар бұл өзгерістерге бейімделе алмады. Сонымен қатар, ертеңгі ойынға ротация жоспарлап отырмыз. Сол үшін кейбір ойыншыларға көбірек мүмкіндік бердік. Сондықтан нәтиже жақсы. Бірақ, өкінішке қарай, жіберіп алған екі голымызда қателіктер кетті. Ол қателіктерді түзетеміз», – деді Смаков.

Бас бапкер сондай-ақ «Абай Аренадағы» атмосфераға ерекше тоқталды:

«Абай Аренадағы атмосфера бойынша — әр ойыншы, әр клуб қызметкері бұл атмофсераны сағынды. Сондықтан әрбір ойын біз үшін үлкен оқиға. Біз жанкүйерлерге мереке сыйлағымыз келеді. Ертеңгі ойында да біз әрқашан жеңіске ұмтыламыз. Құрамда біраз өзгерістер болады. Кеше көбірек ойнаған ойыншыларға демалыс береміз. Сонымен қатар Қазақстан құрамасына кететін футболшылар бар, сол себепті оларға да тынығуға мүмкіндік береміз. Ең бастысы — биыл біздің қосалқы құрам ротация жасауға мүмкіндік береді».

«Семей» мен «Каспий» арасындағы екінші кездесу ертең сағат 17:00-де «Абай Аренада» өтеді.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер