Клуб

«Семей» — «Этуаль» матчының билеттері сатылымға шықты

02:47,

22.12.2025

Бөлісу

«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі 1/4 финал аясында өтетін «Этуаль» футзал клубына қарсы жауапты матчқа билеттердің сатылымға шыққанын хабарлайды.

Аталған кездесу турнирдің шешуші кезеңінде өтіп, келесі айналымға жолдама алу жолындағы маңызды ойын болмақ. Көрермендерді жоғары деңгейдегі ойын, тартысты бәсеке мен ұмытылмас эмоциялар күтіп тұр.

🎟 Билеттер тек онлайн форматта сатылады
Билеттер тек ресми платформа — Ticketon.kz сайтында қолжетімді.


Билет бағалары

Билеттердің құны 3 000 теңгеден 12 000 теңгеге дейін.

Баға саясаты жарыстың мәртебесін ескере отырып белгіленген. Матчтар УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында өтетіндіктен, ұйымдастыру деңгейі, ойын сапасы және жанкүйерлердің қызығушылығы жоғары болады. Белгіленген бағалар турнир кезеңінің маңыздылығы мен спорттық шараның деңгейіне толық сәйкес келеді.


VIP Skybox

Бағасы: 600 000 теңге
Сыйымдылығы: 15 адамға дейін

VIP Skybox — матчты ең жоғары жайлылық деңгейінде тамашалауға арналған премиум формат.

Құнына мыналар кіреді:

  • аренаны толық қамтитын ең үздік көрініске ие эксклюзивті VIP Skybox;
  • таңдаулы кейтеринг (премиум тағамдар мен сусындар);
  • кезексіз жеке кіреберіс;
  • қонақтарға арналған жайлы әрі жабық аймақ;
  • матч бойы көрсетілетін жеке сервис.

VIP Skybox сатып алу мәселелері бойынша:
📞 +7 747 697 43 16 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.


Алаяқтардан сақ болыңыз!

Билеттер тек Ticketon.kz сайтында сатылады.
Орын саны шектеулі болғандықтан, матчқа кепілді түрде қатысу үшін билеттерді алдын ала сатып алуға кеңес береміз.

Үшінші тұлғалардан билет сатып алу алыпсатарларға немесе жарамсыз билеттерге тап болу қаупін тудырады. Бұл жағдай матчқа кіре алмауыңызға әкелуі мүмкін.


Билет сатып алу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

  • билеттерді тек Ticketon.kz сайтынан сатып алыңыз;
  • билеттегі QR-кодты әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде таратпаңыз;
  • матчқа дейін билетті сториске немесе ашық қолжетімді ортаға жарияламаңыз;
  • үшінші тұлғалардан және алыпсатарлардан билет сатып алудан аулақ болыңыз;
  • бір билет — бір кіріс. QR-кодты қайта пайдалану мүмкін емес.

Билеттерді сатып алу барысында қиындықтар туындаған жағдайда:
📞 +7 771 936 53 53 (WhatsApp / Telegram) нөміріне хабарласыңыз.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес