Клуб
Бруно Гомес - «Семей» ойыншысы
11:00,
23.08.2025
Футзал клубы «Семей» және Испанияның «Пальма» клубы Грузия ұлттық құрамасының ойыншысы Бруно Гоместі жалға беру жөнінде келісімге келді. Келісімшарт 2025/26 маусымының соңына дейін жарамды.
29 жастағы шабуылшы «Пальма» сапында екі маусым ойнап, 94 матчта 39 гол соқты. Сондай-ақ ол командасымен бірге екі рет қатарынан УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Бұған дейін Бруно Гомес Испанияның «Ноя» және «Пеньискола» клубтарының да намысын қорғаған.
Енді Бруно Гомес «Семей» сапында өнер көрсетіп, жаңа маусымда команданың шабуыл шебін күшейтетін болады.