Клуб
Чингиз Есенамановқа деген құрмет
27.09.2025
Қазақстан футзалының жарқын өкілдерінің бірі, "Семей" футзал клубының капитаны Чингиз Есенаманов ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын хабарлаған болатын. Италия құрамасына қарсы өткен соңғы ойыны ол үшін тарихи сәттердің бірі болып есте қалды.
Қазақстан чемпионатының 4-туры аясында "Семей" – "Қайрат" кездесуінде біздің жанкүйерлер ардақты капитанымызға ерекше құрмет көрсетті. Аренада ұйымдастырылған арнайы перфоманс Чингиздің еліміздің футзалына қосқан еңбегін айшықтап берді.
Сонымен қатар, матч алдында "Семей" футзал клубының бас директоры Азамат Аселкан ұлттық құрама сапындағы көп жылғы еңбегі мен табыстары үшін Чингиз Есенамановқа естелік ретінде Қазақстан құрамасының жейдесін табыстады.
Чингиз Есенаманов – тек біздің клубтың ғана емес, күллі ел футзалының мақтанышы. Ол талай жыл бойы Қазақстан атынан халықаралық деңгейде өнер көрсетіп, мыңдаған жанкүйерге қуаныш сыйлады.
"Семей" футзал клубы капитанына ұлттық құрамадағы айрықша жолы үшін алғыс білдіреді және алдағы мансабында табыс тілейді.