Клуб
Финалдың ашылуы: есте қаларлық кеш
04:30,
25.06.2025
Плей-офф финалдық сериясы шынайы әсерлі әрі ұмытылмас кешпен басталды. Бірінші үй кездесуінің ашылу рәсімі футзал жанкүйерлері үшін нағыз мерекеге айналды.
Ашылу салтанатын толықтай «Семей» клубы ұйымдастырды — бұл тарихи финалда бізге сеніп, қолдау білдіріп жүрген әр жанкүйерге арналған тартуымыз.
Матч алдындағы шоу-бақтарламада 42 бишіден құралған балет тобы өнер көрсетті. Кештің атмосферасын жарық эффектілері мен визуалды сүйемелдеу толықтырды.
Бізбен бірге болған барлық жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз. Финал енді басталды, алда — одан да жарқын сәттер.
#WEARESEMEY