Клуб
«Семей» футзал клубы мен IV Plus медициналық орталығы ынтымақтастықты бастады
01.08.2025
«Семей» футзал клубы IV Plus медициналық орталығымен ресми түрде серіктестік ынтымақтастықтың басталғанын хабарлайды.
Аталған серіктестік команданың медициналық сүйемелдеу жүйесін күшейтуге, жарақаттардың алдын алуға, сондай-ақ ойыншылардың қалпына келу сапасы мен жалпы физикалық дайындығын арттыруға бағытталған. IV Plus медициналық орталығы клуб футболшыларына бейінді мамандардың кеңестері, диагностикалық тексерулер және қалпына келтіру шараларын қамтитын кәсіби медициналық қолдау көрсетеді.
IV Plus медициналық орталығымен ынтымақтастық орнату — клубтың дамуындағы және спортшылар үшін заманауи, сапалы жағдай жасау жолындағы маңызды қадам. Медициналық орталықтың жоғары деңгейдегі қызметі, білікті мамандары мен жеке тәсілі «Семей» футзал клубының мақсаттары мен биік талаптарына толық сәйкес келеді.
«Семей» футзал клубы IV Plus медициналық орталығына көрсеткен сенімі мен ұзақ мерзімді, өзара тиімді әріптестікке дайын болғаны үшін алғыс білдіреді. Бірлескен жұмыс команданың табысты өнер көрсетуіне және жаңа спорттық жетістіктерге жетуіне берік негіз болады деп сенеміз.







