Жаңалықтар каталогы
Семей футзал клубы Қазақстан Суперкубогында есе жіберді
03:00,
24.08.2025
Қазақстан Суперкубогы үшін өткен кездесу Семей футзал клубы үшін сәтсіз аяқталды. Орал қаласында ұйымдастырылған тартысты ойында біздің ұжым алматылық «Қайрат» футзал клубына 0:1 есебімен жол берді.
Бұл – Семей мен «Қайрат» арасындағы Суперкубоктағы екінші кездесу. Өкінішке қарай, екі ойында да жеңіс қарсыластың еншісіне бұйырды.
Ойын тағдырын шешкен жалғыз әрі маңызды голды «Қайрат» сапындағы бразилиялық легионер Рафаэль Алейда Сантос соқты.
Семей футзал клубы бұл жолы жеңіске жете алмағанымен, алдағы маусымға тыңғылықты дайындалып, жанкүйерлерді қуантатын жаңа жетістіктерге қол жеткізуге ниетті.