Клуб

Марсело - «Семей» футзал клубының жаңа ойыншысы

02:30,

06.08.2025

Бөлісу

«Семей» футзал клубы Бразилия ұлттық құрамасының ойыншысы — Марсело Аугусто дос Сантоспен келісім-шартқа отырғанын ресми түрде хабарлайды. 25 жастағы әмбебап футзалшы жаңа маусым қарсаңында біздің команда сапын толықтырды.
Бразилиядағы алғашқы қадамдар
Марселоның кәсіби мансабы «Кампу-Моран» клубында басталды. Бұл жерде ол футзалдағы алғашқы маңызды тәжірибесін жинап, өзінің жоғары деңгейдегі ойынымен көзге түсті. Кейінірек Бразилияның атақты командаларының бірі — «Коринтианс» сапында өнер көрсетіп, 2019 жылы ел Кубогының, 2020 жылы Суперкубоктың жеңімпазы атанды.
Еуропадағы кезең және Испаниядағы табыс
2021 жылы Марсело Испанияның «Нойя» клубына ауысып, негізгі ойыншылардың біріне айналды. Ол командаға Жоғарғы дивизионға жолдама алуына көмектесіп, екі мәрте Галисия Кубогын жеңіп алды.
2023–2025 жылдары аралығында Марсело Испанияның «Пальма» клубында ойнады. Осы кезеңде ол екі рет УЕФА Чемпиондар лигасын және бір рет Континентаралық кубокты жеңіп алып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетті.
«Семейге» қош келдің, Марсело!
Марселоның келуі — біздің команда үшін маңызды оқиға. Оның мол тәжірибесі, әмбебап ойыны және жоғары деңгейдегі шеберлігі жаңа маусымда үлкен мақсаттарға жетуге септігін тигізеді деп сенеміз.
Қош келдің, Марсело! Енді сен — «Семей» ойыншысы!

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер