Клуб

Нұрсұлтан Пиялы — «Семей» ойыншысы!

01:20,

07.08.2025

Бөлісу

Мансап жолы
Нұрсұлтан кәсіби мансабын Талдықорғанның «Жетісу» клубында бастады. Бұл командада ол өзін дарынды ойыншы ретінде танытып, 30-дан астам ойында 16 гол соқты. Одан кейін ол алматылық «Қайрат» пен оралдық «Бәйтерек» клубтарының қатарында ойнады.
2024 жылы Пиялы шымкенттік «Ордабасы» клубының сапына қосылып, 39 кездесуге қатысып, 13 голмен көзге түсті. Осы маусымда ол команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды.
Жаңа кезең — «Семей»
Нұрсұлтан Пиялының тәжірибесі мен ойын деңгейі «Семей» клубының жаңа маусымдағы мақсатына жетуге зор үлес қосады деп сенеміз.
Қош келдің, Нұрсұлтан! Алға, «Семей»!

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер