Жаңалықтар каталогы

Педриньо - «Семей» ойыншысы!

03:00,

22.08.2025

Бөлісу

Футзал клубы «Семей» 20 жастағы бразилиялық ойыншы Педро Энрике да Силвамен (Педриньо) келісім-шартқа қол қойды.
Педриньоның мансабы қарқынды өрлеуде:
2022 жылы «Марешал Футзал» сапында Парана штатының чемпионы атанды.
2023 маусымында «Прая Клубе» сапына ауысып, Бразилия кубогының финалында «Магнус» қақпасына жеңіс голын соғып, клуб тарихындағы алғашқы ұлттық трофейді сыйлады.
2024 жылы «Атлантико Эрешин» клубына қосылып, қысқа уақыт ішінде негізгі құрамнан орын алды.
2025 жылғы Ұлттық футзал лигасының алғашқы жартысында 15 гол соғып, чемпионаттың үздік бомбардирі болды.
Сонымен қатар Педриньо Бразилия жастар құрамасының сапында өнер көрсетіп, Габриэль Кандидомен бірге Эволюция кубогының иегері атанды.
Жаңа маусымда Педриньо «Семей» жейдесінде алаңға шығып, жанкүйерлерге жарқын ойын сыйлайды!

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер