Клуб

Жаңа жылдағы алғашқы жеңіс!

10:14,

06.01.2026

Бөлісу

Қысқы демалыстан кейінгі 2026 жылғы алғашқы ойынында «Семей» елордалық «Астана» футзал клубына қонаққа барды. Ел біріншілігінің бірінші айналымындағы соңғы турлардың бірі семейліктердің жарқын ойынымен аяқталды. Алаң иелеріне еш мүмкіндік бермеген «Семей» ірі есеппен — 0:5 — жеңіске жетті.
Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ қонақтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, қарсылас қақпасына үздіксіз қысым көрсетті. Есепті Әбдірәсіл Абдуманапұлы ашты. Кездесудің 11-минутында оның сол қапталдан бағыттаған соққысын «Астана» қақпашысы қайтара алмады. Ал бірінші таймның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Абдуманапұлының соққысынан кейін доп «Астана» капитаны Болат Сарбасовқа тиіп, қақпаға енді. Осылайша «Семей» үзіліске екі доп басымдығымен аттанды.
Екінші таймның басында «Семей» үшінші голын соқты. Команда капитаны Рауан Атантаев алға тамаша пас шығарып, оны шабуылшы Дедезиньо өзінің «әдеттегі» дәл соққысымен голға айналдырды. Көп ұзамай 9-нөмірлі Андерсон допты әдемі қабылдап, қайшылай тепкен әсерлі соққысымен жанкүйерлерді тәнті етті. Араға бір минут салып, Дедезиньо кездесудегі екінші голын соқты. Бұл жолы нәтижелі пас авторы — Ержан Карменов.
Кездесудің аяқталуына үш минут қалғанда Ақжол Дәрібай әсем соққымен есепті түйіндеді. Қорытынды есеп — 0:5.
Айта кетерлігі, Астана қаласында тұратын және Семей қаласынан арнайы келген «Семей» жанкүйерлерінің қолдауы ерекше әсерлі болды. Әр ойынды өз алаңымызда өткендей сезінуге мүмкіндік беретін жанкүйерлерге алғысымыз шексіз! Ертең дәл осы уақытта дәл осындай қолдауды күтеміз.
Алға, «Семей»! 💙

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес