Клуб
«Семей» – «Аят»: Көшбасшылық үшін тартыс
05.11.2025
«Семей» футзал клубы Қазақстан чемпионатының 11 және 12-тур ойындарын Рудныйдың «Аят» футзал клубына қарсы өз алаңында өткізеді. Матчтар 6 және 7 қараша күндері сағат 19:30-да «Абай Аренада» өтеді.
УЕФА Чемпиондар лигасындағы ойындардан кейін «Семей» ел біріншілігін қайта жалғастырады. Команда бұл турларда басты қарсыластардың бірі – «Аятқа» қарсы ойнайды.
Василий Смолин жаттықтыратын «Аят» соңғы алты кездесуде 11 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. Ал «Семей» УЕФА Чемпиондар лигасына дайындық кезеңінде 9 және 10 турдағы «Ақтөбеге» қарсы матчтарды кейінге қалдырғанымен, 8 ойыннан кейін 21 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр.
Алдағы ойындар тек 6 ұпай үшін ғана емес, сонымен қатар турнир кестесіндегі бірінші орын үшін маңызды тартыс болмақ.
Билеттерді клубтың ресми сайты fcsemey.com басты бетінде сатып алуға болады.






