Клуб

«Семей» «Аятты» ірі есеппен жеңді

10:00,

06.11.2025

Бөлісу

Қазақстан чемпионатының 11-туры аясында өткен «Семей» мен «Аят» арасындағы кездесу 8:1 есебімен біздің клубтың айқын басымдығымен аяқталды.

Бұл командалар арасындағы ойындар әрқашан тартысқа толы өтетіні белгілі, алайда бұл жолы семейліктер басымдықты алғашқы минуттардан-ақ өз қолына алды. Ойынның 3-минутында Арнольд Кнауб есепті ашты. Көп ұзамай рудныйлық команданың қақпашысы «соңғы үміт фолы» үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы мүмкіндікті Камиль Герейханов тиімді пайдаланып, есепті еселеді.

Бірінші тайм соңына дейін капитан Чингиз Есенаманов қарсыластың қателігін шебер жазалап, ірі есепті орнатты. Ал Габриэль Кандидо таймның соңғы минутында тағы бір гол салып, командаларды үзіліске 4:0 есебімен алып шықты.

Екінші таймда «Семей» шабуылын күшейте түсті. Алаңға қосылған Ержан Карменов қарсылас қорғаушысын алдап өтіп, дәл соққымен қақпаның алыс бұрышын нысанаға алды. 25-минутта Әбдірәсіл Абдуманапұлы өзінің бұрынғы командасына гол соғып, көзге түсті.

Кездесудің есте қалар сәті — вице-капитан Рауан Атантаевтың ойыны болды: ол гол соғып қана қоймай, үш нәтижелі пас беріп үлгерді. Оның 39-минуттағы Педриньоға жасаған пасын бразилиялық ойыншы голға айналдырды.

Қонақ команда ойын соңында бір ғана голмен жауап бере алды. Қорытынды есеп — 8:1.

Келесі ойын ертең «Абай Аренада» өтеді. Басталуы: 19:30.
Барша жанкүйерді қолдауға шақырамыз!

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес