Клуб
«Семей» – «Ақтөбе»: билеттер сатылымда
20.03.2026
28 және 29 наурыз күндері Семей қаласындағы «Аренада» «Семей» футзал клубы мен «Ақтөбе» командалары арасында матчтар өтеді. Жанкүйерлерді жарқын тартыс пен нағыз футзал мерекесінің атмосферасы күтуде.
Аталған кездесулер бұған дейін «Семей» футзал клубының өтініші бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының матчтарына қатысуына байланысты кейінге шегерілген болатын.
«Семей» командасы жаңа жеңістер жолында күресін жалғастырып, өз алаңындағы жанкүйерлердің қолдауына сенім артады. Кездесулер тартысты әрі қызықты өтеді деп күтілуде, себебі екі команда да жоғары нәтижеге қол жеткізуді мақсат етеді.
Матчтар кестесі:
28 наурыз — 18:00
29 наурыз — 18:00
Өтетін орны: «Арена», Семей.
Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымда. Бағасы — 600 теңгеден басталады.







