Жаңалықтар каталогы
«Семей» Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасына дайындық жүргізіп жатыр
02:00,
19.10.2025
«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасы ойындары алдындағы дайындықты Алматы облысында орналасқан Олимпиадалық даярлау орталығында бастады. Екі аптаға жоспарланған оқу-жаттығу жиыны 15 қазан күні басталған болатын.
Алғашқы аптада команда шабуылдық және тактикалық жаттығуларға басымдық берді. Ал жиынның екінші кезеңінде қорғаныс жүйесін жетілдіру мен физикалық дайындыққа көңіл бөлінеді.
Команда сондай-ақ өзара жабық бақылау матчтарын өткізіп, ойын ырғағын сақтауға назар аударуда.
Естеріңізге сала кетейік, «Семей» футзал клубының Қазақстан чемпионатының 9 және 10 турларындағы «Ақтөбе» клубына қарсы кездесулері екі тараптың келісімі бойынша кейінге шегерілген болатын.






