Клуб
«Семей» Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шықты
04.11.2025
«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына жолдама алды.
Негізгі кезеңде семейліктер чехиялық «Хрудим», франциялық «Этуаль» және өткен маусымның жеңімпазы, испаниялық «Пальма» клубтарымен бір топта өнер көрсетті. Үш ойында 3 ұпай жинаған «Семей» топтағы үшінші орынға ие болып, келесі кезеңге — 1/8 финалға өтті.
Алдағы кезең екі ойыннан тұрады — алғашқысы өз алаңында, екіншісі сырт алаңда өтеді. 1/8 финалдың жеребесі 6 қараша күні тартылады. «Семейдің» қарсыласы өз топтарында бірінші немесе екінші орын алған командалардың бірі болады.
Мүмкін қарсыластар қатарында — Испанияның «Картахена», Польшаның «Пяст», Португалияның «Бенфика» және «Спортинг», Латвияның «Рига» және Қазақстанның «Қайрат» клубтары бар.
1/8 финал ойындары 24 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді. Ал өз топтарында алғашқы екі орынды иеленген командалар алғашқы матчтарын сырт алаңда өткізеді.






