Жаңалықтар каталогы

«Семей» француздық ұжымға есе жіберді

10:43,

30.10.2025

Бөлісу

УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі екінші матчта «Семей» футзал клубы француздық «Этуаль» командасына есе жіберді.

Ойынның бірінші таймы «Семей» ұжымы үшін сәтті өтті. Кездесудің алғашқы үш минутында Бруно Гомес есепті ашса, 8-минутта Дедезиньо айырмашылықты еселеді. Ал 17-минутта сол Дедезиньо дубль авторы атанып, бірінші таймның қорытынды есебін 3:0 етіп белгіледі.

Екінші тайм «Семей» жанкүйерлері үшін көңілсіз өрбіді. Француз командасы он минуттың ішінде есепті теңестіріп үлгерді. Ал ойынның аяқталуына бір минут қалғанда «Этуаль» төртінші және шешуші голын соғып, жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп — 4:3, «Этуаль» пайдасында.

«Семей» негізгі топтық кезеңнің соңғы кездесуін жергілікті «Пальма» футзал клубына қарсы 1 қараша күні өткізеді.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес