Клуб

«Семей» футзал клубы «ГарантПроектСтрой» компаниясымен ынтымақтастық орнатты

12:00,

07.01.2025

Бөлісу

«Семей» футзал клубы ГарантПроектСтрой құрылыс және жобалау саласында табысты қызмет етіп келе жатқан ГарантПроектСтрой компаниясымен ресми ынтымақтастық орнатылғанын хабарлайды.

Аталған серіктестік клубтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, спорттық инфрақұрылымды дамытуға және футзал мен салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Тараптарды кәсібилікке ұмтылу, тұрақты даму және қоғам игілігі жолындағы ұзақ мерзімді мақсаттар біріктіреді.

Клуб басшылығының айтуынша, «ГарантПроектСтрой» компаниясымен әріптестік орнату «Семей» футзал клубының стратегиялық жоспарларын іске асырудағы маңызды қадам болмақ. Сондай-ақ бұл ынтымақтастық команданың дамуына және жас спортшыларды даярлауға қосымша мүмкіндіктер ашады.

«Семей» футзал клубы «ГарантПроектСтрой» компаниясына көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Ортақ серіктестігіміз табысты болып, өңірде спорттың дамуына елеулі үлес қосады деп сенеміз.

Бірге — жаңа жетістіктерге!

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес