Клуб

«Семей» футзал клубының фан-дүкені ресми түрде ашылды

07:00,

21.06.2025

Бөлісу

Бүгін «Семей» футзал клубының көптен күткен ресми фан-дүкенінің ашылу салтанаты өтті. Бұл күн клуб тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде есте қалды.

Ашылу рәсімінде команда капитандары Чингиз Есенаманов пен Рауан Атантаев салтанатты түрде лентаны қиып, жанкүйерлерге өздерінің ізгі тілектерін жеткізді.

Іс-шара барысында келген жанкүйерлер клуб ұйымдастырған жүлделі конкурстарға қатысып, ерекше көңіл-күйге бөленді. Сонымен қатар ашылу салтанаты ойыншылар — Ақжол Дәрібай, Ринат Турегазин, Дәулет Затыбеков, Әбдірәсіл Абдуманапұлы және Никита Емельяновтың қатысуымен өткен қолтаңба сессиясы мен естелік фотосессиясымен жалғасты.

Клуб ұжымы барлық жанкүйерлерге қолдау мен белсенді қатысулары үшін алғыс білдіреді. Бұл бастама алдағы уақытта да жанкүйерлер қауымдастығын біріктіретін маңызды жобалардың жалғасы болмақ.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер