Клуб
"Семей" футзал клубының ресми гимні таныстырылды
03:47,
01.10.2025
Қазақстан чемпионатының 4-туры аясында алматылық "Қайратқа" қарсы өткен ойында ерекше тарихи сәт болды. Кездесу алдында "Абай аренада" "Семей" футзал клубының ресми гимні алғаш рет жанкүйерлерге таныстырылды.
Гимннің авторлары – композитор Эмиль Досов және мәтінін жазған Айбек Жанысбаев. Әнді Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің 45 жас әншісі жанды дауыста орындап, жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады.
"Семей" клубы үшін гимн – бұл тек әуен емес. Ол команданың бірлігін, жанкүйерлердің қолдауын және жеңіске деген сенімді бейнелейтін маңызды символ болып табылады.
Семей футзал клубының ресми гимнін барлық музыкалық платформалардан тыңдай аласыздар!