Клуб

«Семей» «Қарағандыны» 7-0 есебімен ойсырата жеңді

12:11,

06.10.2025

Бөлісу

Жексенбі күні «Абай Аренада» «Семей» футзал клубы мен «Қарағанды» арасында Қазақстан чемпионатының 6-турының ойыны өтті. Кездесу алаң иелерінің үлкен жеңісімен — 7-0 есебімен аяқталды.
Алғашқы кездесу 4 қазанда өтіп, бірінші таймы 0-0 есебімен тең аяқталғанын еске салайық. Алайда «Семей» 3-1 есебімен жеңіске жеткен еді. Бұл жолғы ойынның тағдыры алғашқы 8 минуттың ішінде-ақ шешілді. 3-минутта Камиль Герейханов есепті ашса, ал 4-минутта Энрике Педриньо есепті еселеді. 8-минутта Габриэль Кандидо, Ринат Турегазин, Ақжол Дәрібай және Абдирасул Абдуманапұлы төрттігінің әдемі комбинациясы Абдуманапұлының голымен бірінші таймды 3-0 есебімен аяқтады.
Екінші таймда жылдам соғылған голдар «Семейдің» айқын жеңісінің дәлелі болды. Бруно Гомес пен Ержан Карменов кезекті голдарымен көзге түссе, Камиль Герейханов «Семей» сапындағы 50-ші мерейтойлық голын соғып, жеңіске үлес қосты. «Қарағандының» барлық әрекеті ойынның соңғы минутында өз қақпасына гол соғумен аяқталды. Қорытынды есеп — 7-0.
Осылайша, «Семей» қатарынан өз алаңындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Команданың келесі қарсыласы — «Атырау» футзал клубы.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес