Клуб
«Семей» Қазақстан кубогындағы алғашқы ойында ірі есеппен жеңіске жетті
06:00,
25.08.2025
Орал қаласында өтіп жатқан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі алғашқы ойында «Семей» футзал клубы сенімді жеңіске қол жеткізді. Қарсылас – биыл Қазақстан чемпионатына жаңадан қосылған «Қарағанды» футзал клубы. Кездесу 8:1 есебімен «Семейдің» пайдасына аяқталды.
Ойынның алғашқы минуттары тең дәрежеде өткенмен, 4-минутта Камиль Герейханов алғашқы голды соғып, командасын алға шығарды. Бір минуттан кейін Герейханов есепті еселеді. Ал үшінші голды клуб қарауында жүрген жас ойыншы Тимур Малибеков өз атына жазды.
Айта кетерлігі, жаңа маусымдағы алғашқы ойында дебют жасаған Бруно Гомес пен Педриньо да гол соғып, жанкүйерлердің назарын өздеріне аударды. Сонымен қатар академия түлегі Азамат Төлеш дебюттік кездесуінде жарқын ойынымен көзге түсті.
Гол соққан ойыншылардың қатарында Әбдірасул Абдуманапұлы, Ақжол Дәрібай және Габриэль Кандидо да бар.
Қазақстан кубогының екінші ойыны бүгін «Жайық Аренада» өтеді. «Семей» клубы сағат 19:00-де «Бәйтерек» футзал клубымен кездеседі.