Жаңалықтар каталогы
"Семей" қонақтарға есе жіберді
11.10.2025
Қазақстан чемпионатының 8-туры аясында «Абай Аренада» өткен кездесу жанкүйерлерге тартысқа толы ойын сыйлады. Алайда, матч қорытындысы семейлік команданың пайдасына шешілмеді — «Семей» футзал клубы «Атырау» командасынан 2:3 есебімен жеңіліс тапты.
Сенбілік кештегі бұл ойын жергілікті жанкүйерлер үшін күтпеген нәтиже болды. Кездесудің алғашқы бөлігінде алаң иелері есеп ашқанымен, бірінші тайм «Атыраудың» басымдығымен — 1:2 есебімен аяқталды.
Екінші таймда «Семей» ойыншылары жаңа қарқынмен шабуылға шығып, ойынның аяқталуына жеті минут қалғанда есепті теңестіре алды. Осы сәттен кейін команда ойын тізгінін өз қолына алып, жеңіске ұмтылды. Бас бапкер Аслан Смақов соңғы минуттарда қосымша бесінші ойыншыны алаңға шығарып, тәуекелге барды. Дегенмен, матчтың аяқталуына небәрі 11 секунд қалғанда «Атырау» қақпашысы Леонардо Де Соуза алыстан бағыттаған дәл соққысымен шешуші голды соғып, өз командасына жеңіс сыйлады.
«Семей» сапынан Камиль Герейханов дубль авторы атанса, «Атырау» командасы құрамында Азат Кайржанов, Алиссон Сантос және Леонардо Де Соуза мергендігімен көзге түсті.
Енді семейлік команда келесі кездесуін УЕФА Чемпиондар лигасы аясында өткізеді.






