Клуб

«Семей» маусымның алғашқы турында жеңіске жетті

08:30,

05.09.2025

Бөлісу

«Семей» футзал клубы маусымның алғашқы турында өз алаңында «Каспийге» қарсы жеңіске қол жеткізді.

Ойынның алғашқы бөлігінде-ақ «семейліктер» басымдылық танытып, жауапсыз 3 гол соқты. Екінші тайм да алаң иелерінің пайдасына өрбігенімен, қонақтар екі гол соғып, тартысты қыздыра түсті.

Бұл ойында Бруно Гомес маусымдағы алғашқы голдың авторы атанса, Нұрсұлтан Пиялы «Семей» сапындағы дебюттік голын соқты. Сондай-ақ, Ринат Турегазин, Арнольд Кнауб және дубльмен ерекшеленген Камиль Герейханов мергендігімен көзге түсті.

«Каспийге» қарсы екінші кездесу ертең сағат 17:00-де өтеді.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер