Клуб

«Семей» набрал 6 очков в матчах против «Аята»

10:00,

07.11.2025

Бөлісу

Қазақстан біріншілігінің 12-тур аясында «Семей» өз алаңында Рудный қаласының «Аят» футзал клубын қабылдады. Кездесу алғашқы ойынмен салыстырғанда қонақтар жинақы ойнап, ойынның 3-минутында Азат Валиуллин есепті ашты.

Бұл голдан кейін «Семей» қарқынын үдетіп, кезекті шабуылдардың бірінде Габриэль Кандидо қарсыласын қапы қалдырып, алыс бұрышқа дәл жеткізген пасымен әріптесі Ринат Турегазинді гол соқтырды. Осылайша командалар алғашқы таймды тең есеппен аяқтады.

Ойынның екінші жартысының алғашқы 10 минутына дейін қауіпті шабуылдар жасалғанымен, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды. Тек 31-минутта Габриэль Кандидо өзінің осы маусымдағы 11-голын соғып, командасын алға шығарды. Араға бір минут салып Камиль Герейханов есепті 3:1-ге жеткізді.

«Аят» та кездесудің интригаcын сақтап қалуға тырысып, Марахов 37-минутта есеп айырмасын қысқартты. Алайда қонақтардың бесінші ойыншымен ұйымдастырған шабуылы сәтсіз аяқталып, Ақжол Дәрібай бос қалған қақпаны дәл көздеп, матч нүктесін қойды.

Ойынның қорытынды есебі – 4:2. Тағы үш ұпай «Семей» қоржынында.

«Семей» ел чемпионатының келесі матчтарын Қарағанды қаласында жергілікті «Тұлпарға» қарсы қонақта өткізеді. Кездесу 12–13 қараша күндері жоспарланған.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес