Клуб

«Семей» – «Пьяст»: билеттер сатылымда

07:51,

15.11.2025

Бөлісу

«Семей» футзал клубы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында Польшаның «Пьяст Гливице» клубына қарсы өтетін ойынға билеттердің сатылымы басталғанын хабарлайды.

Бұл – тарихи оқиға: Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі алғаш рет Семейде өтпек. Еуропалық жоғарғы деңгейдегі футзал ойыны алғаш рет «Абай Арена» паркетының төрінде ойналады. Әр көрермен осы сәттің куәсі бола алады.

Күні мен уақыты: 24 қараша, 20:00
Өтетін орны: «Абай Арена»

Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді. Бағасы – 1500 теңгеден басталады.

«Семей» клубы Еуропаның ең мықты сегіз командасының қатарына қосылу үшін күресуде. Командаға алғашқы минуттан соңғы минутқа дейінгі қолдау қажет. Аренаға толығымен жиналып, ерекше атмосфера құрып, қазақстандық футзал тарихының жаңа парағын бірге жазайық.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес