Клуб

«Семей» плей-офф кезеңіндегі қарсыласын анықтады

06:51,

06.11.2025

Бөлісу

«Семей» футзал клубының УЕФА Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды. Жеребе нәтижесінде польшалық «Пьяст» футзал клубы біздің командаға қарсылас атанды.

Польшалық ұжым негізгі кезеңнің 1-тобында Испанияның «Картахена», Бельгияның «Андерлехт» және Литваның «Жальгирис» командаларымен бақ сынады. Қарсыластарына қарсы сәтті ойын өрнегін көрсеткен «Пьяст» 7 ұпай жинап, топта екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Топтық кезеңде «Андерлехт» командасын 2:1 есебімен жеңген польшалық клуб, латвиялық «Жальгиристі» 3:1 нәтижесімен тізе бүктірді. Ал топ фавориті саналған испандық «Картахенамен» өткен кездесуде есеп ашылмай, матч 0:0 есебімен аяқталды.

6 қараша күні өткен жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша, 1/8 финалда «Семей» және «Пьяст» командалары өзара жолығатын болды. Қос ойын «үйде және сырт алаңда» форматында өтеді.

Алғашқы матч 24 қараша күні Семей қаласындағы «Абай Аренада» өтсе, қарымта ойын 5 желтоқсан күні Польшада ұйымдастырылады.

Біздің жігіттерге қолдау көрсетіп, бірге жеңіске жетейік! Алға, «Семей»!

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес