Клуб
«Семей» провёл первую тренировку в Пальме
01:40,
28.10.2025
«Семей» футзал клубы Испания мемлекетінің Пальма-де-Майорка қаласына жетіп, УЕФА Чемпиондар лигасының ойындары алдында алғашқы жаттығуларын өткізді. Еуропаның басты додасына «Семей» футзал клубы 15 ойыншымен жасақталып, негізгі кезеңнің алғашқы ойындарына толық дайын екенін көрсетті.
«Семейдің» алғашқы кездесуі ертең, 29 қазан күні жергілікті уақытпен 16:30-да (Астана уақытымен 20:30-да) өтеді. Қарсылас — Чехияның әйгілі «Хрудим» футзал клубы. Барлық матчтар Пальма-де-Майорка қаласындағы «Сон Моиш» спорт кешенінде өтеді.






