Клуб

«Семей» өз алаңында ірі есеппен жеңіске жетті

12:50,

19.11.2025

Бөлісу

Қазақстан чемпионатының 15-турында «Семей» футзал клубы Талдықорғанның «Жетісу» командасын өз алаңында қабылдап, маусымдағы кезекті аса ірі жеңісіне қол жеткізді. Аслан Смаковтың шәкірттері Биро Жаде жаттықтыратын қарсылас қақпасына 11 гол соғып, сенімді нәтиже көрсетті.

Матчтың алғашқы секунды мен-ақ шабуылға бет алған семейлік футболшылар бірінші қауіпті шабуылынан кейін есеп ашты. Дедезиньоның соққысынан соң Мусабаев допты өз қақпасына бағыттап, автогол авторы атанды. Көп ұзамай Дедезиньо жеке шеберлігінің арқасында есепті 2:0-ге жеткізді. Қарсылас ойын өрісін өзгерту мақсатында бесінші ойыншыны қосты, алайда бұл сәт «Семей» футболшыларына тиімді болды — Нұрсұлтан Пиялы прессинг барысында допты тартып алып, бос қақпаға дәл бағыттап, есепті ірі айырмаға ұлғайтты.

12-минутта «Жетісу» екінші автоголын жіберіп, жағдайын қиындата түсті. Алғашқы таймның қалған бөлігінде Дедезиньо тағы екі гол соғып, хет-трик авторы атанды. «Семей» бірінші таймды 6:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.

Екінші тайм «Семей» тарапынан кеткен қателіктен басталды. «Жетісу» шабуылшысы Жанасыл Алмасұлы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, есеп айырмасын қысқартты. 30-минутта Әбдірәсіл Әбдумапанұлы қарсыластың айып алаңында қысым ұйымдастырып, Дедезиньоның пасынан кейін тағы бір голдың авторы атанды. Бірнеше секундтан соң Дедезиньо өз есептік төртінші голын соғып, покер жасады.

Кейін ойын тізгінін толық өз қолына алған «Семей» шабуылшысы Камиль Герейханов «Рабона» стилінде қатарынан екі гол соғып, жанкүйерлерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Кездесудің соңғы голын «Семей» сапынан Нұрсұлтан Пиялы, ал «Жетісу» тарапынан Алмасұлы дабл-пенальтиді сәтті орындап, матч 11:3 есебімен аяқталды.

«Семей» мен «Жетісу» арасындағы екінші матч 19 қараша күні 19:30-да «Абай аренада» өтеді.

Әрбір жанкүйердің қолдауы біз үшін өте маңызды!

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес