Клуб

«Семей» жеңісті жалғастырды

08:30,

13.11.2025

Бөлісу

«Семей» футзал клубы ел біріншілігінің 14-туры аясында «Тұлпармен» өткен екінші ойында да жеңіске жетіп, сырт алаңда 2:4 есебімен басым түсті.

Бірінші тайм тек 11-минутта Әбдірәсіл Әбдуманапұлының соққан голымен есте қалды. Ал екінші таймда ойын көрігі қыза түсті.

Камиль Герейханов жеке шеберлігінің арқасында қарсылас қақпасына екінші гол соғып, есепті еселегенімен, «Тұлпар» тез арада қарымта шабуыл жасап, Ержан Карменовтан қайтқан доп Джайме қорғаған қақпаға кіріп кетті.

Көп ұзамай «Семей» стандартты жағдайдан Дедезиньоның күшімен тағы бір гол соғып, басымдықты арттырды.

Матч соңына қарай «Тұлпар» бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, Джайме өз қақпасын сенімді қорғап, қарсыластың шабуылдарын тойтарды. Ал ойынның соңғы минуттарында Дедезиньоның соққысын қақпашы қайтара алғанымен, Арнольд Кнауб допты қақпаға дәл бағыттап, қорытынды есепті 2:4 етті.

Осылайша «Семей» сырт алаңдағы қос ойынды да жеңіспен аяқтап, туған қаласына 6 ұпаймен оралады.

Келесі матчта «Семей» өз алаңында, «Абай Аренада», талдықорғандық «Жетісу» футзал клубын қабылдайды. Билеттер ticketon.kz сайтында қолжетімді.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес