Клуб

«Семей» футзал клубы жаңа маусым алдында медициналық тексерістен өтті

11:40,

05.08.2025

Бөлісу

Жаңа маусым қарсаңында «Семей» футзал клубының негізгі құрамдағы ойыншылары IV Plus медициналық орталығында толық медициналық тексеруден өтті.

Медициналық тексеріс аясында спортшылардың жүрек-қан тамыр жүйесі, жалпы денсаулық жағдайы, төзімділік деңгейі және биохимиялық көрсеткіштері жан-жақты зерттелді. Бұл кезең алдағы маусымға дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады.

Денсаулық — команда жетістігінің басты кепілі. Сондықтан «Семей» клубы ойыншылардың физикалық жағдайына аса мән береді және маусым алдындағы тексеруді тұрақты түрде өткізіп келеді.

Клуб ұжымы IV Plus медициналық орталығына кәсіби қызметі мен жоғары деңгейдегі медициналық қолдауы үшін алғысын білдіреді.

Алдағы күндері команда жаңа маусымға дайындықты бастап, алғашқы жаттығуларға кіріседі.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер