Клуб

«Семей» 4:3 есебімен жеңіске жетті

10:00,

09.10.2025

Бөлісу

Қазақстан чемпионатының 7-турында «Семей» футзал клубы өз алаңында «Атырау» командасын қабылдап, тартысты өткен кездесуде 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері басымдық танытты. Алғашқы 7 минутта «Семей» бірнеше өткір шабуылдар ұйымдастырып, нәтижесінде Ержан Карменов (4-минут) пен Камиль Герейханов (7-минут) соққан доптардың арқасында 2:0 есебімен алға шықты.
Алайда, алғашқы таймның соңына қарай қарсылас команда ойынды теңестіруге ұмтылды. Тайм соңында «Атырау» капитаны Талап Есениязов дабл-пенальтиден есепті қысқартты — 2:1.

Екінші тайм екі тарап үшін де аса тартысты өтті. «Атырау» шабуыл қарқынын арттырып, Әлімжан Сейтнұрдың дәл соққысымен есепті теңестірді — 2:2. Дегенмен, «Семей» ойынның тағдырын өз пайдасына шешті. 31 және 33 минуттарда Камиль Герейханов пен Дедезиньо қарсыластар қақпасын дәл көздеп, таблодағы есепті 4:2-ге жеткізді.
Қонақтар да беріспей, Бисембайұлы соққан доптың арқасында есепті қысқартқанымен, матч нәтижесіне әсер ете алмады. Қорытынды есеп — 4:3, «Семейдің» жеңісі.

Бұл кездесу жанкүйерлердің есінде ұзақ сақталары сөзсіз!
Ертең, сағат 17:00-де, осы екі команда арасындағы екінші матч «Абай Аренада» өтеді. Барлық жанкүйерлерді қолдау көрсетуге шақырамыз — бірге жеңіске жетейік! 💙

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес