Клуб

«Семей» клубы: жаңа маскот «Көксерек» таныстырылды!

05:59,

06.09.2025

Бөлісу

Қазақстан чемпионатының 2-туры аясында «Каспийге» қарсы ойын алдында «Семей» жанкүйерлерге мерекелік шоу сыйлады.

Көрермендерге алғаш рет клубтың жаңа маскоты – «Көксерек» таныстырылды. Бұл бастама жанкүйерлермен байланысты нығайтып, ортақ рухты көтеруге бағытталған.

Бұл атау жайдан-жай таңдалған жоқ. Көксерек – ұлы жазушы, ойшыл Мұхтар Әуезовтің атақты повесінің кейіпкері. Ол – күштің, еркіндіктің, тәуелсіздіктің және өз тамырына адалдықтың бейнесі.

Біз үшін Көксерек – қазақ мәдениеті мен әдеби мұрасының бір бөлігі ғана емес, сонымен қатар «Семейдің» мінезін айқындайтын бейне: алаңдағы батылдық, жеңіске деген ұмтылыс және жанкүйерлермен бірлік.

Қош келдің, Көксерек! Сен команданың да, жанкүйерлеріміздің де сенімді серігі болатыныңа сенеміз 💙

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер