Жаңалықтар каталогы

«Семей» Аслан Смаковпен келісімшартты ұзартты

10:00,

28.07.2025

Бөлісу

«Семей» футзал клубы Аслан Смаковпен жаңа келісімге қол қойылғанын қуана хабарлайды. Жаңа келісімшарт 2027 жылдың соңына дейін жарамды және клубтың әрі қарай дамуы мен бірлескен жұмысты жалғастыруға деген өзара ниетін білдіреді.

Аслан Смаковтың басшылығымен команда тұрақты прогресс көрсетіп, Қазақстан Кубогын жеңіп алды, ұлттық чемпионаттың плей-офф финалына шығып, 2025/26 маусымындағы УЕФА футзал Чемпиондар лигасына жолдама алды.

Бас бапкер жаңа келісім туралы пікір білдірді:
«Бұл менің кәсіби мансабымдағы маңызды кезеңнің жалғасы. Клуб басшылығына сенім артқаны үшін алғыс айтамын, сондай-ақ ойыншылар мен жанкүйерлерге бірлесе қалыптастырған атмосфера үшін ризамын. «Семейдің» алға қойған нақты мақсаттары бар, мен осы жолдың бір бөлшегі болғаныма қуаныштымын».

Клубтың бас директоры Азамат Аселкан келісімнің маңыздылығын атап өтті:
«Аслан өзін білімді маман әрі жүйелі жұмыс жүргізе алатын көшбасшы ретінде көрсетті. Біз үшін клубты Семейдің тумасы, ісіне және командаға адал жанның басқаруы — үлкен құндылық. Бұл – біздің клубтың болмысын айқындайтын маңызды элемент. Келісімшартты ұзарту – тұрақтылықты, дамуды және клубтың Қазақстанда да, халықаралық аренада да позициясын күшейтуді көздейтін бағыт».

«Семей» футзал клубы Аслан Смаковқа атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді және жаңа кезеңде табыстар тілейді.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер