Клуб
Қазақстан чемпионаты плей-оффының жартылай финалында «Семей» – «Актобе»
10:56,
01.06.2025
Футзал клубы «Семей» плей-офф кезеңінің жартылай финалында өз қарсыласын анықтады. Бұл – «Аятты» шешуші үшінші матчта жеңген «Актобе» командасы.
Жартылай финалдық серия 7 маусымда басталады және үш жеңіске дейін ойналады. Алғашқы екі ойын жоғарырақ орын алған команданың алаңында өтеді – бұл жағдайда, Семейде. Үшінші және қажет болған жағдайда төртінші матчтар Актобеде ұйымдастырылады. Егер серия 2:2 есебімен теңесе, шешуші бесінші ойын қайтадан Семейде өтеді.
Екінші жартылай финалда «Қайрат» пен «Атырау» кездеседі.
Құрметті жанкүйерлер, бізге сіздердің қолдауларыңыз ауадай қажет! Финалға бірге жол салайық!
#WEARESEMEY