Клуб

«Семей» Қазақстан кубогының төрттік финалында

05:00,

31.08.2025

Бөлісу

Орал қаласында өткен Қазақстан Кубогының 1/4 финалдық плей-офф кезеңінің ойындары аяқталды. «Семей» футзал клубы көкшетаулық «Елім-ай» командасымен кездесіп, 8:2 есебімен сенімді жеңіске жетіп, төрттік финалға жолдама алды.
Алғашқы минуттардан ойын тізгінін қолына алған семейліктер бірінші таймда-ақ қарсыластың қақпасына жауапсыз 6 гол соғып, айқын басымдылығын көрсетті.
Габриэль Кандидо жаңа маусымдағы алғашқы хет-триктің авторы атанса, жарақатынан айыққан Ержан Карменов нәтижелі пас беріп қана қоймай, өзі де гол соғып көзге түсті. Сондай-ақ, Родригиньо, Ринат Турегазин және Арнольд Кнауб та мергендер қатарынан көрінді.
Қазақстан Кубогының Төрттік финалы 27-28 желтоқсан күндері өтеді.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер