Клуб
УЕФА Чемпиондар лигасының шешуші ойынына 1000-нан аз билет қалды!
03:00,
03.03.2026
Еуропаның басты клубтық бәсекесі — УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалының жауапты матчында Семей қаласының «Семей» футзал клубы француздық «Этуаль» футзал клубын өз алаңында қабылдайды.
Енді «Семей» өз алаңында барлық жанкүйерлердің қолдауымен тарихи жеңіске жетуді мақсат етеді. Бұл кездесу Семей қаласының тарихы үшін ғана емес, жалпы УЕФА Чемпиондар лигасы турнирі тарихындағы бұрын-соңды болмаған ерекше матчтардың бірі болмақ.
Тарихи ойын Семей қаласындағы «Абай Арена» спорт кешенінде өтеді. Билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымда. Билеттер саны шектеулі.
Эмоцияға толы тарихи кештің бір бөлшегіне айналып, оның тарихын «Семей» футзал клубымен бірге жазыңыз!







