Клуб

«Атырау» — «Семей» футзал клубының плей-офф жартылай финалындағы қарсыласы

08:09,

28.05.2026

Бөлісу

Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің жартылай финалына шыққан командалар белгілі болды. Бұл кезеңде «Семей» футзал клубы «Атырау» командасына қарсы ойнайды.

Ширек финалда семейлік ұжым елордалық «Астана» футзал клубымен екі кездесу өткізіп, екі ойында да сенімді жеңіске жетті. Осылайша, команда жартылай финал жолдамасын мерзімінен бұрын қамтамасыз етті.

Өз кезегінде «Атырау» командасы рудныйлық «Аят» футзал клубын екі матч қорытындысы бойынша жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Осылайша, Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққан төрт команда анықталды. Олар: «Семей», «Қайрат», «Ақтөбе» және «Атырау».

Жартылай финалдың алғашқы кездесулері 3 және 4 маусым күндері өтеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес