Клуб
Азамат Төлеш: «Маған сенім артқандары үшін ризамын»
                
                 03:00,
                
            
        26.08.2025
Қазақстан кубогындағы алғашқы ойынында «Семей» футзал клубының жас ойыншысы Азамат Төлеш дебют жасады. Кездесуден кейін ол әсерімен бөлісті.
  – Азамат, дебюттік ойын туралы не айтасыз?
 – Ең алдымен маған сенім білдірген бапкерлер құрамына алғыс айтқым келеді. Әсіресе бас бапкер Аслам Смақовқа қолдауы үшін рақмет. Алаңға шығу – үлкен тәжірибе болды.
  – Команда ішінде қолдау болды ма?
 – Әрине, болды. Үлкен ойыншылар көмектесті, капитан да үнемі қолдап отырды. Соның арқасында өзімді сенімдірек сезіндім.
  – Алдағы мақсаттарыңыз қандай?
 – Бұл тек бастамасы. Жақсы ойнау үшін әлі көп еңбек етуім керек. Күн сайын жұмыс істеуге дайынмын.
  – Жанкүйерлерге айтар сөзіңіз?
 – Әрқашан қолдау көрсетіп отырған жанкүйерлерге рақмет. Сондай-ақ отбасым да әрдайым демеу береді. Сол сенімді ақтау үшін тырысамын.
         
                             
                        





