Клуб
«Семей» – «Атлетик» Чемпиондар лигасының матчына билеттер сатылымға шықты
18.11.2026
УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалындағы қазақстандық «Семей» мен украиналық «Атлетик» арасындағы қарымта матчқа билеттер сатылымға шықты. Кездесу 5 желтоқсан күні Семей қаласындағы «Арена» спорт кешенінде өтеді. Ойын сағат 19:00-де басталады.
Жанкүйерлер билеттерді Ticketon.kzресми билет сату платформасынан, сондай-ақ «Семей» ФК ресми сайтындағы «Матчтар» бөлімінен сатып ала алады.
Алда командамызды Еуропаның басты клубтық турнирінің ширек финалына жолдама алу жолындағы маңызды қарсыластық күтіп тұр.
Қарымта кездесу 5 желтоқсан күні Семейде өтеді. Дәл осы ойында екі матчтың қорытындысы бойынша ширек финалға жолдама алатын команда анықталады.
Матч туралы ақпарат
📅 Күні: 5 желтоқсан 2026 жыл
⏰ Уақыты: 19:00
🏟 Өтетін орны: «Арена», Семей қаласы
🏆 Турнир: УЕФА Чемпиондар лигасы, 1/8 финал
⚽ Матч: «Семей» (Қазақстан) – «Атлетик» (Украина)
Билеттерді қайдан сатып алуға болады?
Билеттер Ticketon.kz платформасында және «Семей» ФК ресми сайтындағы «Матчтар» бөлімінде қолжетімді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Түсініспеушіліктердің алдын алу мақсатында билеттерді тек ресми билет сату платформасы арқылы сатып алуға кеңес береміз. Билеттерді үшінші тұлғалардан және сенімсіз дереккөздерден сатып алмауыңызды сұраймыз.
Билет сатылымына қатысты барлық өзекті ақпарат тек клубтың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.
Ширек финал жолдамасы сарапқа салынатын маңызды кездесуде жанкүйерлердің қолдауы командамыз үшін ерекше рөл атқарады.
Еуропалық футзалдың маңызды кешіне бірге куә болайық! «Семейге» қолдау көрсетіңіз!







