Клуб

Дәурен Тұрсағұловтың алаңға оралуына аз қалды

06:38,

24.09.2026

Бөлісу

Дәурен Тұрсағұловтың алаңға оралуына аз қалды: Серджи Альтисент ойыншының қалпына келуі туралы айтты

«Семей» ойыншысы Дәурен Тұрсағұлов тізе жарақатынан кейін қалпына келу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Футзалшы қазір оңалтудың соңғы кезеңінде және жақын арада жалпы топпен жаттығуға оралуы күтілуде.

«Семей» командасының бас бапкері Серджи Альтисент ойыншының қалпына келу барысындағы оң динамикаға тоқталды.

«Дәурен маусым алдындағы дайындыққа бұрыннан алған жарақатымен келді. Оқу жаттығу жиыны кезінде жарақаты қайтадан мазалай бастады. Сондықтан біз қазір қолайсыздық пен ауырсынуды жою бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Динамикасы жақсы, ілгерілеуі де өте оң. Қазір ол қалпына келудің соңғы кезеңінде, оған тағы бірнеше күн қажет», — деді команда бас бапкері Серджи Альтисент.

Команданың физиотерапевті Жоао Гонсалвес ойыншының алаңға оралуына дейінгі қалпына келу жұмыстары туралы айтып берді.

«Біздің басты міндетіміз — Тұрсағұловты алаңға барынша жақсы әрі қауіпсіз түрде дайындау. Оның алаңда өзін жайлы әрі сенімді сезінуі, сондай-ақ қайта жарақат алу қаупінің болмауы маңызды. Жұмыс қозғалыс сапасын, күшін және физикалық дайындығын жақсартуды, сондай-ақ бұлшықеттерінің жағдайын қалпына келтіруді қамтиды», — деді Жоао Гонсалвес.

Маманның айтуынша, Дәурен Тұрсағұлов қазір командамен бірге жаттығу процесіне оралудың соңғы кезеңіне өтті.

«Қазір ол жалпы топпен жаттығуға қайта қосылудың соңғы кезеңінде. Жақын арада ойындарға оралады деп күтілуде», — деп атап өтті «Семей» командасының физиотерапевті.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес