Клуб
«Семей» мен «Атлетик» арасындағы матчтарының өтетін орны мен уақыты белгілі болды
12.11.2026
Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалында қазақстандық «Семей» мен украиналық «Атлетик» арасындағы кездесулердің өтетін орны мен басталу уақыты анықталды.
Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 24 қарашада Молдова астанасы Кишинев қаласында өтеді. Украина клубы қарсыласын FMF Futsal Arena спорт кешенінде қабылдайды. Матч жергілікті уақыт бойынша сағат 19:00-де (Қазақстан уақытымен 25 қараша, 00:00-де) басталады.
Қарымта кездесу 5 желтоқсанда Семей қаласында өтеді. Командамыз украиналық қарсыласын өз алаңындағы «Арена» спорт кешенінде қабылдайды. Ойын Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Екі матчтың қорытындысы бойынша УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алатын команда анықталады.
Семейдегі қарымта кездесуге билеттер сатылымы жақын арада басталады. Билет сатылымына қатысты толық ақпарат клубтың ресми ақпараттық ресурстарында жарияланады.







