Клуб

«Семей» – «Астана»: билеттер сатылымда!

07:52,

20.05.2026

Бөлісу

«Семей» футзал клубы Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі «Астана» футзал клубына қарсы матчқа билеттер сатылымының басталғанын хабарлайды.

Кездесу 27 мамыр күні сағат 18:00-де өтеді. Бұл матч турнирдің келесі кезеңіне жолдама беретін маңызды ойындардың бірі болмақ. Жанкүйерлерді жоғары деңгейдегі футзал, тартысты бәсеке және ерекше атмосфера күтеді.

Билеттерді Ticketon.kz ресми сайты арқылы онлайн, сондай-ақ арена кассасынан офлайн түрде сатып алуға болады.

Клуб жанкүйерлерді алаяқтардан сақ болуға шақырады. Төлем тек онлайн (Kaspi) арқылы қабылданады. Қолма-қол есеп айырысу қарастырылмаған.

Матчқа қатысу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін билеттерді алдын ала сатып алуға кеңес береміз.

Үшінші тұлғалардан билет сатып алу жарамсыз билеттерге немесе алыпсатарларға тап болуға әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда матчқа кіру мүмкін болмайды.

Билет сатып алу кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
• билеттерді тек Ticketon.kz платформасы арқылы сатып алыңыз;
• билеттегі QR-кодты әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жарияламаңыз;
• матчқа дейін билеттерді сториске немесе ашық қолжетімді жерлерге жүктемеңіз;
• үшінші тұлғалардан және алыпсатарлардан билет сатып алмаңыз;
• бір билет — бір кіру. QR-кодты қайта пайдалану мүмкін емес.

Билет сатып алу бойынша сұрақтар туындаған жағдайда:
+7 771 936 53 53 (WhatsApp / Telegram)

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес