Клуб

«Семей» Францияда ойын алды жаттығуын өткізді

07:30,

22.02.2026

Бөлісу

«Семей» футзал клубы УЕФА чемпиондар лигасының ширек финалындағы алғашқы матч қарсаңында Францияның Лаваль қаласында ойын алды жаттығуын өткізді.

Жаттығу француздық «Этуаль» командасының үй аренасы — «Эспас Майенн» спорт кешенінде өтті. Команда толық құрамда қарқынды дайындықтан өтіп, ойынға жоғары деңгейде дайын екенін көрсетті.

УЕФА чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ширек финалдың алғашқы ойыны ертең, жергілікті уақытпен 20:30-де басталады. «Семей» футзалшылары қарсылас алаңында барынша жинақы ойнап, оң нәтиже көрсетуге ниетті.

Команданың көңіл күйі көтеріңкі, ойыншылар кездесудің маңызын жақсы түсінеді және жанкүйерлердің сенімін ақтауға дайын. Бұл тек ширек финал жолдамасы ғана емес, Қазақстан футзалының Еуропадағы беделін тағы бір мәрте дәлелдеудің мүмкіндігі.

Матчтың тікелей эфирін QazSport телеарнасы мен арнаның ресми сайтынан тамашалауға болады.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес