Клуб
«Семей» кезекті жеңісіне қол жеткізді
03:00,
27.08.2025
Футзал клубы «Семей» Қазақстан Кубогының топтық кезеңіндегі ойында оралдық «Бәйтеректі» сенімді түрде жеңді.
Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ біздің команда басымдықты өз қолына алды. Жаңа ойыншы Педриньо есеп ашып, арада бір минут өтпей-ақ Дедезиньо айырмашылықты еселеді. Көп ұзамай Педриньо дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді. Дегенмен, қарсылас алғашқы таймның соңында бір гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.
Екінші тайм тартысты өрбіді, алайда өткен маусымның үздік ойыншысы Дедезиньо тағы да мергендігімен көзге түсіп, «Семейге» үш ұпай әкелді.
Осылайша команда қоржынындағы ұпай санын 6-ға жеткізіп, D тобының көшін бастады.
Келесі матч — топтық кезеңнің соңғы ойыны хромтаулық «Искендерге» қарсы өтеді. Кездесу 28 тамыз күні 16:00-де «Жайық Аренада» басталады.