Клуб

«Семей» Талдықорғанда екі ірі жеңіске қол жеткізді

09:00,

11.03.2026

Бөлісу

«Семей» футзал клубы Талдықорған қаласына сапар шегіп, жергілікті «Жетісу» командасына қарсы Қазақстан чемпионатының 29–30 турлары аясындағы екі кездесуін өткізді.

Екі матчтың қорытындысы бойынша семейлік ұжым айқын басымдық танытып, қарсыласын ірі есептермен жеңді — 7:2 және 8:0. Осылайша «Семей» сырт алаңда алты ұпайды еншілеп қайтты.

Алғашқы ойында командалар тоғыз гол соқты. Оның жетеуін «Семей» ойыншылары өз еншісіне жазса, талдықорғандық ұжым екі голмен жауап берді. Бұл кездесуде Арнольд Кнауб «Семей» сапындағы алғашқы хет-тригімен ерекшеленді. Родригиньо дубль авторы атанса, Дедезиньо мен Нұрсұлтан Пиялы да мергендік танытып, есептің ірі болуына өз үлестерін қосты.

Екінші матчта «Семей» толық басымдық танытып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Кездесу семейліктердің 8:0 есебімен сенімді жеңісімен аяқталды. Гол авторлары қатарында Арнольд Кнауб, Нұрсұлтан Пиялы, Әбдірәсіл Әбдіманапұлы және Дедезиньо бар. Сонымен қатар Камиль Герейханов пен Ержан Карменов дубль жасап, матчтың жарқын ойыншыларының қатарынан көрінді.

Келесі турда «Семей» өз алаңында қарағандылық «Тұлпар» футзал клубын қабылдайды. Матч билеттері ticketon.kz сайтында қолжетімді.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес