Клуб

«Семей» «Оқжетпесті» екі рет жеңіп, маусымды сәтті бастады

10:00,

13.09.2026

Бөлісу

Қазақстан Суперлигасының жаңа маусымы «Семей» үшін өз алаңындағы ойындармен басталды. Алғашқы турлар аясында семейлік команда Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдап, жанкүйерлерінің алдында екі кездесуде де сенімді жеңіске жетті.

Алғашқы матчта «Семей» ойынның алғашқы минуттарынан-ақ бастаманы өз қолына алып, алаңдағы басымдығын көрсетті. Команданың жаңа ойыншысы Біржан Оразов кездесудің басты кейіпкерлерінің біріне айналды. «Семей» сапындағы алғашқы ресми ойынында-ақ Оразов хет-трик жасап, дебютін нәтижелі бастады.

Ринат Төреғазин мен Педриньо екі голдан соқса, Ақжол Дәрібай мен Дедезиньо бір-бір реттен мергендік танытты. Қарсылас команда сапындағы жалғыз голдың авторы Дмитрий Двирный атанды.

Екінші матчта да «Семей» кездесуді жоғары қарқынмен бастады. Ойынның алғашқы минутында-ақ Родригиньо Габриэль Кандидоның нәтижелі пасын голға айналдырып, есеп ашты.

Бірінші таймда Нұрсұлтан Пиялы, Ақжол Дәрібай, Дедезиньо және Біржан Оразов тағы да мергендік танытты. Үзіліске «Семей» 6:1 есебімен алда шықты.

Педриньо екінші матч қатарынан дубль жасап, командасының жеңісіне тағы да өз үлесін қосты.

Кездесудің екінші бөлігінде Расул Карбаев «Семей» сапындағы алғашқы голын соғып, командасының сегізінші голын тіркеді. Осылайша матчтың қорытынды есебі 8:1 болып белгіленді.

Осылайша «Семей» маусымның алғашқы үй матчтарын максималды нәтижемен аяқтады — екі жеңіс және алты ұпай.

Команда келесі кездесулерін 19 және 20 қыркүйек күндері Алматы қаласында өткізеді. «Семей» қонақта «Қайратқа» қарсы ойнайды.

Бөлісу

Толығырақ оқыңыз

Жалпы серіктестер

Ресми серіктестер

Техникалық серіктестер

Серіктестер

Ақпараттық серіктес